Шахмат Академиясын 2014 жылы Алматы қаласында Жансая Абдумаликтің ата-аналары: Данияр Аширов және Алма Аширова құрған.
Академия тұжырымдамасы Қазақстандағы алғашқы қыздар арасындағы шахматтан әлем чемпионы, ерлер халықаралық гроссмейстері Жансая Абдумаликтің тәрбие тәжірибесі мен жаттығу процесіне негізделген.
Біздің оқыту әдістемеміз бірегей және қазақстандық менталитетке бейімделген. Оған логикалық ойлау қабілеті, талдау, зейінді шоғырландыру, жұмыс қабілеттілігі, баланың бастамашылығы сияқты құнды қасиеттерді дамыту ғана емес, сонымен қатар алаңдаушылықты, шешімсіздік пен инерцияны жою кіреді. Көшбасшылық қасиеттері айқын жеңімпаздың жеке басын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Балалар өздеріне жоғары мақсат қоюды және оған жігерлі түрде баруды сәтті үйренеді.
Жаттықтырушылар ұжымының негізін шахмат супердержаваларының шетелдік мамандары құрайды. Грузия, Армения және Беларусь елдерінен келген халықаралық гроссмейстерлермен қатар академияда жас және өршіл қазақстандық жаттықтырушылар сабақ береді.
Академия – Қазақстан чемпионаттарында жеңіп алған медальдар саны бойынша сөзсіз көшбасшы.
Академия тәрбиеленушілерінің арасында Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Академия 7 жасқа дейінгі ең жас чемпион мен әлем чемпионын, 10 жасқа дейінгі әлем чемпионын және 12 жасқа дейінгі әлем чемпионын тәрбиеледі.
Біздің миссиямыз: шахматқа деген сүйіспеншілік арқылы ата-аналарға баланың мінезі мен қабілеттерін үйлесімді дамытуға көмектесу. Біз Сіздермен бірге осы жолмен жүруге қуаныштымыз!
Біздің мақсатымыз: Қазақстан – шахмат державасы!
Егер сіз біздің идеяларымызға жақын болсаңыз, онда бізге қосылыңыз!
Біз жеңімпаздар командасымыз!