Фигуралар қалай жүреді?
Шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойналады. Ойынның басында әрбір ойыншының иелігінде ақ немесе қара түсті 16 шахмат фигурасы болады: патша, уәзір, 2 піл, 2 ат, 2 тура және 8 сарбаз. Ойынның мақсаты қарсыласқа шабуылдай отырып, патшаға мат қою.
1 шаршыға тігінен жүреді,
(партияның басында 2 шаршыға)
1 шаршыға диагональ бойынша жейді
Ең әлсіз шахмат фигурасы (ол әдетте фигура болып саналмайды) және шахмат материалының негізгі өлшем бірлігі: сарбаз баламасында фигуралардың "құндылығы" өлшенеді.
Шахмат фигуралары
Шахмат фигуралары – кез-келген шахмат партиясының басты кейіпкерлері. Шахматта фигуралардың алты түрі бар. Олар: патша, уәзір, тура, піл, ат және сарбаз.
Фигуралар 64 шаршыға бөлінген тақтада орналасқан. Көлденеңінен тақта А-дан Н-қа дейін латын әріптерімен, тігінен 1-ден 8-ге дейінгі сандармен белгіленген. Әріптік және сандық белгілер шахмат ойынын жазу үшін қажет.
Ерекшелігі – соңғы көлденеңге жеткен сарбаз кез-келген фигураға "айналуы" мүмкін